Мекен-жай: Қазақстан Республикасы
Шымкент қ., Конституция көш., н/з
Телефон: +7 7252 50 06 47
Ұялы тел: +7 702 150 30 30
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Компания жайлы

«UMID-PHARM» ЖШС – зертханалық диагностика саласындағы ірі өндірушілердің ресми дистрибьюторы. Біздің қызметіміздің басты бағыттары ИФА және ПЦР әдістерімен ауруды диагностикалау және клиникалық биохимия үшін реагенттер жиынтықтарын, сондай-ақ зертханалық ыдыстар, құрал-жабдықтар мен медициналық техниканы жеткізу.

Құрал-жабдықтар мен реагенттердің кең таңдауы клинико-диагностикалық зертханалар мен биология және медицинаның түрлі салаларындағы ғылыми зерттеу орталықтарын кешенді жабдықтауға мүмкіндік береді. Барлық өнімдеріміз қазақстандық және халықаралық стандарттарға сай, ірі өнімдер партиясын жеткізудің өзі 30 күннен артық уақытты алмайды, бұл біздің тапсырыс берушілеріміз үшін өте ыңғайлы.

Біз тапсырыс берушілеріміздің талаптарына толыққанды жауап беру үшін сату жүйесін жетілдіріп, серіктестеріміздің қатарын әрдайым толықтырып тұрамыз.

«UMID-PHARM» компаниясы сізге халықаралық стандартқа толық жауап беретін өнімдерді дәл уақытында және тиімді бағамен алуға мүмкіндік береді. Зертханалық шыны, қоректік орта, тест-жолақтар, сарысу, рентген-материалдар – осы қажетті тауарлардың барлығының кең ассортиментін бізден таба аласыздар. Біздің сауда бөліміміз сағатша жұмыс істейді, олар әрбір тапсырысты жеке түрде қарастырып, сіздің мүдделеріңізді тәулігіне 24 сағат қорғауға дайын.